Мектепке дейінгі мекемелердің алдында балаға жүйеленіп, дайындалып берген белгілі бір білімді беріп қана қоймай, оны жалпы дамыту, яғни, сөйлеу, оқу, қоршаған орта жөнінде дұрыс көзқарас қалыптастыру, ойын дұрыс жеткізе білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, біртума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті болып тұр.
Мейрам күндері – балалар үшін жан тебірентер ән мен күйдің, әсем бидің, көз қуантар көріністердің қызғылықты бір әлемі. Сондықтан да, мейрам күндерін балабақшаның әрбір тәрбиеленушісі асыға күтеді, өз өнерлерін жолдастарына, тәрбиешілеріне және ата — аналарына көрсетуге асығады. Балабақшада жыл сайын «Алтын күз», «Конституция күні», «Тәуелсіздік күні», «Жаңа жыл» мерекелері өткізіледі. Балалар мереке қарсаңында тақпақтар, әндер жаттайды. Ата-аналар мерекелік ертеңгіліктерге куә болып, әр түрлі көрмелерге қатысады. Балаларға тәуелсіз мемлекет түсінік беру балалардың Отанға деген сүйспеншіліктерін арттады.. Отан туралы тақпақ. Мақал-мәтелді жатқа айтуға үйретеді. Балалардың тіл байлығын ой-өрісін, сөзді байланыстырып сөйлеу қабілетін дамытады
Мерекелерге балаларымен қатар отырып қуану үшін ата — аналар да қатысуға тырысады. Өйткені, балалардың көрсеткен өнері, орындаушылық ерекшеліктері көңілді де, мәнді ойын түрлері ата — аналардың да ара — тұра өз өнерлерін ортаға салуы сыйлықтар, әртүрлі естелік кітапшалар беру балалар өміріндегі аса бір қуанышты сәттер болып табылады.

