05.10.2024
Бүгін ,,Ұстаздар күні» мерекесіне орай, балабақшамыздың тәрбиешісі Кошкельдинова Парида Жанаевна Жарма ауданы әкімі Н.Борсукбаевтан білім беру саласындағы табысты еңбегі, жоғары кәсіби шеберлігі мен құзіреттілігі үшін Құрмет грамотасымен марапатталды.
Әріптесімізді шын жүректен құттықтаймыз!!!
04.10.2024
Ұстаздар күні» мерекесіне орай, балабақшамыздың педагогы С.Р.Жумагулова Жарма аудан акімі Н.М.Борсукбаевтың алғыс хатымен марапатталды және педагог Г.К Лабанова Жарма ауданы білім бөлімінің басшысы
Қ.Р Шаймуратовтың алғыс хатымен марапатталды .
Әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз!!!
13.09.2024
Бүгін балабақшамыздың меңгерушісі А.Н Узбекованы зейнеткерлік демалысқа шығуымен құттықтап, Абай облысы білім басқармасының басшысы Н.Аметкалиевтен құрмет грамотасы мен Жарма ауданы білім бөлімінің басшысы Қ.Р Шаймуратов пен кәсіподақ комитетінің төрағасы Е.К.Сембиновтың атынан алғыс хат табыстады.
13.09.2024
Айгөлек» балабақшасы ұжымы меңгеруші Узбекова Алтыншаш Нурумжановнаны зейнетке шығарып салу салтанатын өткізді
8-наурыз Халықаралық әйелдер күні
🌷🌷🌷 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай білімді, парасатты, саналы жас ұрпақ тәрбиелеудегі ерік-жігері, ізденісі, іскерлігі, өз ісіне адалдығы, жетістіктері үшін балабақшамыздың педагогтары
Садыкова Корлан Хаджимуратовна мен Омарова Сания Токтаргазиновна Жарма ауданы білім бөлімінің басшысы Қ.Р Шаймуратовтың құрмет грамотасымен марапатталды.
Сондай ақ балабақша медбикесі,есепшісі, педагогтары және тәрбиеші көмекшілерін балабақша меңгерушісі А.Н Узбекова құттықтап, кәсіподақ ұйымынын атынан сыйлыктар табысталды.
«Бала тілі – бал» атты Республикалық көркемсөз өнер байқауы жетістіктері
Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру үшін оңтайлы жағдай жасау, дарынды балаларды анықтау, дамыту және қолдау мақсатында ұйымдастырылған «Бала тілі – бал» атты Республикалық көркемсөз өнер байқауында жеңімпаз атанғаны үшін І дәрежелі дипломдарымен балабақша тәрбиеленушілері марапатталды. Байқауға белсене атсалысып, қосқан үлесі және кәсіби шеберлігін, біліктілігін жоғары дәрежеде танытқаны үшін балабақша тәрбиешілері Құрмет грамотасымен марапатталды.
«Жасыл мекен формуласы — 2023»
«Жасыл мекен формуласы — 2023» білім беру ұйымдарының аумақтарын абаттандыру және көгалдандыру бойынша облыстық байқауының қорытындысы бойынша Жарма ауданы білім бөлімінің «Айгөлек» балабақшасы» КМҚК ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
УРКЕР байқауы /балалардың дипломдары/
«Ұркер» зияткерлік марафон педагогтардың жетістіктер
Білімқұмар балаларға арналған Республикалық «Ұркер» зияткерлік марафонына балабақша тәрбиленушілері белсене қатысып, байқау жеңімпаздары І,ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды. Марафонның жеңімпаздары мен жүлдегерлерін сапалы дайындаған үшін балабақша тәрбюиешілері дипломға иеленді.