«Айгөлек балабақшасы КМҚК бойынша
2023-2024 оқу жылының кәсіподақ ұйымы
Әрбір мекемеде кәсіподақ комитеті жұмыс істейді. Балабақша бойынша кәсіподақ комитетінің мүшелері:
Ахметкалиева Е.С. – кәсіподақ комитетінің төрайымы
Такеева С.Т.- кәсіподақ комитетінің мүшесі
Лабанова Г.К кәсіподақ комитеінің мүшесі
Кәсіподақ комитеті әлеуметтік бастамаларға әрдайым қолдау білдіріп отырады. Әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларды қамқорлыққа алып, жалғызбасты аналарға қолдау көрсетеді. Қарамағындағы қызметкердің құқығын қорғап, еңбек дауларының алдын алады
Сондықтан осы ұлы жолмен жүріп келе жатқан ұстаз қауымының мәртебесі қашанда биік болуы шарт. Мемлекет басшысы ҚасымЖомарт Тоқаев «Педагог мәртебесі туралы» заңға қол қойды. Бұл заң мұғалімнің мерейін өсіріп, беделін арттыруға бағытталған. Осыған орай, балабақшада көп жылдар еңбек етіп зейнеткерлік демалысқа шыққан ұстаз ардагерлерді үнемі ұйымдастырылып жатқан балабақшадағы іс-шараларға, мерекелік ертеңгіліктерге шақыртылады. Кәсіподақ ұйымы ұстаздың жасаған еңбегіне, парасатты сара жолына алғыс айтып марапаттаудан да еш айныған емес.

Жоспарланған әрбір шығармашылық шараны жоғары деңгейде ұйымдастыру да назардан тыс қалған емес. Балабақша қызметкерлерінің мерей тойлары да елеусіз қалған жоқ. Әрқайсысы кәсіподақ комитеті тарапынан сыйлық табысталып, алғыс хатқа иеленіп жатты. Жаңа жыл мерекесі дәстүрлі түрде қызметкерлерге сыйлық берілді.