Мектепке дейінгі жастағы балалардың денесін және психологиялық саулығын нығайту, оларды салауатты өмір салтының құндылықтарына баулу әрбір мектепке дейінгі мекеменің басты мақсаты. Аталған мақсатқа жетуде мектепке дейінгі мекемеде медбике Бактыбаева Арайлым Толендиновна жүргізілетін медициналық жұмыстың орны ерекше.
Балабақша медбикесі ретінде санитарлық-гигиеналық режимді бақылауды жүзеге асырады және де аурулардың алдын алу мен сауықтыру жөніндегі жұмыстарды жүргізеді. Ауруына байланысты келмеген балалардың күнделікті есебін және сырқаттанғандарды оқшаулайды. Дер кезінде ата-аналарға хабарлап, олардың дәрігерге барып қаралуына кеңес береді. Жасы келген балаларды профилактикалық егу жұмыстарын қадағалап, дәрігердің тағайындауларын орындайды. Сондай-ақ диетбике ретінде күнделікті мәзір, ас дайындау сапасын қадағалап, күн сайын дайын тағамның татымын байқайды. Күнделікті СЭС талаптарына сәйкес тамақты 24 сағатқа сақтауға қояды.
