Психолог жұмысы
Балабақшада психолог Төлеужан Шынар Қайратбекқызы қызметін атқарады. Психологтың әр түрлі бағытта жұмысын ұйымдастырады. Мақсаты: баланы жаңа ортаға бейімделуіне көмектесу, балабақшаға алғаш келген кезде балабақшаға үйренуі, күн тәртібіне бейімделуі, сонымен қатар ата-анасына да балабақша өмірін таныстыра отырып, психологиялық көмек көрсету. Одан басқа балалардың жас ерекшіліктерін ескере отырып, психологиялық диагностикалық жұмыстарын жүргізеді, әр балаға психологиялық-педагогикалық диагноз жасайды.
Баланың психологиялық және тұлғалық дамуындағы ауытқуларды болдырмау, жалпы, оқу дағдысы мен біліктілікті дамытуға психологтың әсері зор. Әр баланың қажеттілігіне ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттеріне қарай тақырыбы таңдау қажет.
Балалармен, ата-аналармен, педагогтармен және ұжымның барлық мүшесімен психологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізіп, жұмыс нәтижесіне байланысты кеңестер мен ұсыныстар береді.
Балалардың мектепке дайындығымен танымдық қабілеттерін жан-жақты зерттеп дамытуға арналған ойын жаттығулар, тренингтер өткізеді. Ата-аналармен қажетті педагогикалық психологиялық біліммен жетілдіруге қолданылатын кеңестер жүргізеді.

