Балабақшада денсаулық күні мерекесі ұйымдастырылады. Басты мақсатымыз: балалардың денесін шынықтыруға,денсаулығын нығайтуға,дұрыс өсіп қалыптасуға үйрету,жарысуға,жарыста жеңімпаз болуға үйрету. Спортпен айналасудағы әртүрлі дене шынықтыру жаттығуларының әдістерін үйрету, оларды қолдану.Жаны таза ұрпақты салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
Ересек топ ата-аналарымен бірлесіп «Спорт – өмір серігі» атты спорттық сайыс ұйымдастырылды. Олар белсене қатысып, жүлделі орынға ие болды. Балалар жақсы көңілмен жарыстың тапсырмаларын орындап, қимыл қозғалыстарын дамытты. Ата-аналармен бірге жарыстың мәресіне жетіп, ойын сауықтарға қатысуға деген ынта-ықпасын артты. Салауатты өмір салтын қалыптастыруға қызығушылықтарын оятты.


