Балабақшада әдіскер Кумашева Шынар Курлусовна 2021 жылдан бастап қызметін атқарып келеді. Балабақшадағы тәрбие жұмысын қадағалайды. Оның міндеттеріне тәрбиешілердің және басқа педагог қызметкерлердің жұмысын бақылайды, тәрбие жұмысының жоспарын тексереді, ұйымдастырылған іс-әрекеттерін кестесін құрады. Мектепке дейінгі мекемеге келген жас мамандармен әдіскер жұмыс жасайды. Әдіскер жас мұғалімге жұмыстың бастапқы кезеңінде көмек көрсетіп, балалармен жұмысты ұйымдастыруға көмектеседі.
Әдіскер өз жұмысын жүйелі түрде ұйымдастырса, жұмысы да, тәрбиешілер жұмысы да нәтижелі болады. Ю. А. Конаржевский айтқандай: «Талдаусыз ақпарат өлі, ал мақсаты жоқ болса бақылаудың да қажеті жоқ». Әдіскер алдымен алдына мақсаттар мен міндеттер қою керек. Әдіскер мектепке дейінгі тәрбиешілердің назарына жалпы білім беру саласындағы, атап айтқанда, мектепке дейінгі мекемелердегі барлық жаңалықтарды жеткізеді, түсініксіз тұстарын нақтылайды, тәрбиешілермен жеке жұмыс жүргізеді.
Жылдық оқу жоспарына сәйкес балабақшада педагогикалық кеңес отырыстары жүргізіледі. Тақырыптары бойынша педагог арасында дөңгелек үстел, семинар, тренинг, шебер сынып және дискуссия форматтарында жүргізіледі. Сонда педагогтардың шығармашылық белсенділіктері мен бәсекеге қабілеттері арттады.
Педагогтар біліктіліктерін үздіксіз арттырып отырады. Тәрбиешілер жыл сайынғы өктізілетін республикалық, облыстық, аудандық байқауларға қатыса отырып, жоғары жетістіктерге қол жеткізіп отырды.
Тәжірибе алмасу мақсатында балабақшада аудандық семинар ұйымдастырылды. Әдіскер өзінің шеберлігін көрсете отырып, семинар қатысушылармен іскерлік ойын жүргізді. Кері байланыс орнатып, мектепке дейінгі ұйымының педагогтары өз ұсыныстарын, пікірлерін айта отырды. Балабақша педагогтары әр түрлі заманауи технологияларды қолдана отырып, қызықты сәттермен, әр түрлі заттық-кеңістік дамытушы ортада іс әрекеттерді ұйымдастыра білді.
Кәсіби шеберлігін арттыру және тәжірибе алмасу мақсатында облыстық семинарларға қатысады. Семинар барысында алған заманауи технология әдістерін балабақшадағы оқу тәрбиесінде қолданады, педагогтардың шығармашылық қабілеттерін арттады.

ШҚО білім басқармасы Жарма ауданы бойынша білім бөлімінің Айгөлек балабақшасы КМҚК 2023-2024 оқу жылына арналған Жылдық жоспары
2024 оқу жылына, қантар айы Әдіскер жұмысының циклограммасы
2023 оқу жылы, қыркүйек айы Әдіскердің жұмыс жоспар
2023 оқу жылы, қазан айы Әдіскердің жұмыс жоспар
2023 оқу жылы, қараша айы Әдіскердің жұмыс жоспар
2023 оқу жылы, желтоқсан айы Әдіскерд жұмысының циклограммасы