Құрметті Қазақ елі! Еліміз бойынша татулықты, бірлікті нығайтуға жігер беретін «Ұлттық сезім» жобасы бастау алып отыр. Бұл бастама қазақ мәдениетін насихаттауға, ұлттық бірлікті нығайтуға, ұлттық киімнің сән салтанатын көрсетуге зор үлес қоспақ. Жоба аясында кез-келген азамат (ша) жұмыс орнында, қоғамдық жерлерде қазақтың ұлттық киімдерін киіп, дәріптеуі қажет ,,Айгөлек» балабақшасының ұжымы мен тәрбиелеленушілері де бұл керемет жобаны қолдап, әр аптаның жұма күні ұлттық киімде жүретін болады. Осы орайда барша Қазақстандықтарды «ҰЛТТЫҚ СЕЗІМ» жобасын қолдауға, ұлттық киімде жүруге шақырамыз!!!