12.02.2025
Ата-аналарға арналған “Thrive by five” (5-ке дейін үлгер) мобильді қосымшасы іске қосылды. Осы қосымша арқылы балаларды ерте жастан күту және дамыту бойынша консультациялық көмек көрсету үшін балабақша әдіскері Ш.Кумашева мен психолог Ш.Төлеужан ата-аналар мен тәрбиешілерге түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Біздің басты мақсатымыз — балабақшамен ата-ана арасындағы қарым-қатынасты күшейте отырып, отбасында балаға ата-ананың ықпалын арттыру.
Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіруіміз керек, ата-ана бойына өздерін тәрбиеші ретінде қарауда қызығушылықтарын дамытамыз.
Тәрбиешілердің ата-аналармен жүргізілетін жұмыс барысында берілетін кеңес.
1. Балаға жан және дене өзгерістерінің байланыстарын табуға көмектесу.
2. Барлық ескертулерді шын пейілмен, үстірт бағаламай, айдар тақпай жай түсіндіру.
3. Балалардың бойында салауатты өмір салтының дағдыларын қалыптастыруға бағытталған, салауатты өмір салты мәдениетіне тәрбиелеу. Денсаулықтың маңыздылығын құндылық ретінде түсіну.
4. Дене тұрғысынан жетілдіру. Ертеңгілік жаттығу, күн режимін сақтау, таза ауада болып қимыл қозғалыс ойындарын ойнау.
Балабақшада ата-аналармен тығыз байланыста болу үшін даналық мектебі құрылған, одан басқа кңес беру орталығы ашылған. Балабақшаішілік ұйымдастырылған іс-шараларға үнемі қатысып отырады. «Әже», «Ана», «Әке» мектептерінің жоспарына сәйкес әр түрлі форматта тәрбиелі, мағыналы кездесулер өткізіледі. Басты мақсатымыз балалардың бойына ұлттық құндылықтарды танып білу, бағалау, патриоттық сезіміндерін арттыру, «үлкенге- құрмет, кішіге –ізет» деген ұстанымды сақтау.
Балабақша жоспарына сәйкес ата-аналардың жалпы жиналыстары өткізіледі. Онда белгілі бір мәселенің жай-жапсарын шешудің нақты жолдары қарастырылады. Мысалы, бала денсаулығы туралы тақырып болса балабақша медбикесі түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Оқу-тәрбие жұмыстары және бағдарлама бойынша қол жеткен жетістіктермен таныстыру, тәрбиешілерді кәсіби жағынан мағлұмат алу үшін ашық есіктер ұйымдастырылады. Балабақша тыныс-тіршілігі туралы ақпаратпен қамтамасыз етуде пікір алмасу, кеңестер, сауалнамалар жүргізіледі. Балабақша бойынша ата-аналардың белсенділіктерін арттыру мақсатында спорттық сайыстар өткізіледі. Белсенділік танытқан ата-аналар алғысқа бөленіп, марапатталып жатады.
Жыл бойы жүргізілетін жұмыс жоспарын ата-аналармен бірлесе отырып жасаған тиімді. Себебі, ата-аналар заман талабына сай өзекті мәселерді, отбасы тәрбиесіне байланысты тақырыптарды өздері ұсына алады. Сонымен қатар ата-аналардың ұсыныс –тілектерімен санаса отырып ата-аналарға арналған әңгімелер мен лекциялар, кеңестер мен сұрақ-жауап кештері, тәрбие жұмысын алмасу жөніндегі конференциялар, ата-аналарды педагогикалық әдебиеттермен таныстыру әдіс-тәсілдері қарастырылады.
25.01.2024
Бүгінгі іс -шараға белсене қатысқан аналарымызға әлемдегі барлық жақсылықты тілеп, ғұмырларыңызды арайлы да шуақты шақтары мол болсын дегіміз келеді. Мейірім шашқан нұрлы жүздеріңізді мұң шалмасын, көңілдеріңізге ешқашан кірбің түспесін.Балаларыңыздың қызығына батып, тек биік белестерден көруді нәсіп етсін.🌺🌺🌺💐💐💐💐💐🌹🌹🌹🌹🌹
25.01.2024
,,Зере» аналар мектебі 🌺🌺🌺