2023-2025 жылдарға арналған «Бірге оқимыз» жобасы аясында
«Айгөлек» балабақшасы» КМҚК бойынша
өткізілген іс-шаралар туралы АҚПАРАТ
Балалардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын, педагогтердің, ата-аналардың оқу белсенділігін арттыру, мәдени, оқырмандық құзыреттіліктерін дамыту, жоғары азаматтық, рухани – адамгершілік бағдарларын қалыптастыру деген мақсатты негізге ала отырып, балабақшада кітап қорын балалар әдебиетімен жүйелі түрде қамтамасыз етіледі, демеушілік ата-аналар көрсетіп жатады.
Одан басқа Жарма аудынының орталық кітапханасына тәрбиеленушілерді апарып, кітаптарға қызығушылықтарын арттады. Кітапхана қызметкерлері әр түрлі оқу бұрыштарымен таныстырып, қызықты кітап ертегілерді көрсетіп таныстырды. Ересек және мектепалды даярлық топ балаларына кітапхана экскурсиялары өте ұнады.
Балабақшада аталған жоба аясында «Букроссинг-бірге оқимыз: кітаптың айналыста жүруі» кітапханалық кеш ұйымдастырылды. Ата-аналар тарапынан кітаптарды сыйға тартты. Бірлескен жұмыстың арқасында балалардың бос уақытын ұйымдастыру қажет. Кітап оқу барысында балалардың ақыл- ойын дамиды, сонымен қатар адамгершілік, тәрбиелік қасиеттері қалыптасады. Ересек топтан бастап балалар өз ой-пікірлерін айтып үйренеді, ойларын ашық жеткізе білуге көмектеседі.

2023-2025 жылдарға арналған «Бірге оқимыз» жобасы аясында «Айгөлек» балабақшасы» КМҚК бойынша «Әжелердің ертегілері»атты кіші топ тәрбиешісі Омарова С.Т. оқу кештерін ұйымдастырды. Ата-аналар арасындағы қарым қатынасты күшейту мақсатында және балаларға тәрбиелік отбасылық жылулық сыйлау сезінуде әжелер немерелеріне ертегі оқу арқылы балаларды ертегілерге қызықтыра білді.
Балабақшада «Кітаппен дос болайық!» тақырыпта оқу сауаттылық апталығы ұйымдастырылды. Тәрбиешілер балалардың жас еркешеліктерін ескере отырып, бос уақыттарында сүйікті ертегілерді оқып, мазмұндауға үйретті. Балалар сахналау кезінде кейіпкерлердің образдарына кіріп, белсенділік танытты.
Топтағы тәрбиеленушілердің кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру үшін балабақшада оқу апталығы өткізілді. Жас ерекшеліктерін ескере отырып тәрбиешілер кіші топ балаларға ертегілерді оқып, мазмұндап берді. «Балбөбек» кіші топ тәрбиешілері А.Ракишева мен С.Омарова көлеңке театры әдісін қолданып балаларға «Шалқан» ертегісін көрсетіп, түсініктерін кеңейтті. Ортаңғы топ тәрбиеленішілері «Үйшік» және «Бауырсақ» ертегілерін сахналады. Балалардың сөз қорын молайту мақсатында, образға кіруді үйретті, өз ойларын жетік жеткізуге дағдыланды. Ересек және МАД топ тәрбиеленушілері мобильді кітапханада телефон және планшет арқылы GRкодпен ашып ертегілерді тыңдап, мазмұндай білді.
Балабақшадағы жоспар бойынша «Кітапқа екінші өмір сыйла» акциясы өткізілді. Балабақша әдіскері Ш.Кумашева топтарда балаларға кітаптарға ұқыптылықпен қарауға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мектепалды даярлық топ тәрбиеленушілермен бірге ескі кітаптарды жаңартып, балалармен кітаптарды желіммен , скотчпен жапсырып, екінші өмір сыйлады. Балаларға қызықты болды, кітаптарды жыртпай, таза, ұқыпты ұстауға үйренді.
«Бірге оқимыз» жобасы аясында балабақшадағы жоспар негізінде балабақшада топ арасында «Кітап бұрышы» байқауы ұйымдастырылды. Топта тәрбиешілер балалардың жастарын ескере отырып, кітап бұрышын жасады. Әр топта мобильдік кітап бұрышы бар. Тәрбиешілер белсене қатысып, ата-аналарды тарта білді. Олар көптеген кітаптарды сыйға берді. Байқау қорытындысы бойынша тәрбиешілер марапатталды.
2023-2025ж Бірге оқимыз жоспары