ҰІӘ
Балабақшада тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының міндетін орындау үшін және мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт талаптарын негізге ала отырып, ұйымдастырылған іс әрекеттерді ойын арқылы жүргізіледі.Мектепке дейінгі балалардың іс-әрекетінің даму үшін, тәрбиелеу үшін де ойынның мәні өте зор. Ойын арқылы бала айласындағы нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып, таңдап алады. Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды. Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады. Қай бала болмасын ойынмен өседі, өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Ойын барысында бала өзін еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы, бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы. Баланың білуге деген құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады.