Балабақша асханасында үш аспазшы және бір асхана жұмысшы жұмыс істейді. Асхананың санитарлық жағдайы жақсы, ылғалды жинау жұмыстары дер кезінде жүргізіледі, терезенің алды, үстелдер, стеллаждар, ыдыстар өз орнында таза, еден жуылған, асхана іші таза, тазалығы үнемі қадағалануда.
Асханада үш тоназытқыш бар, оларда температураны бақылауға арналған термометр орнатылған. Күн сайын аспазшы дайын тамақтың тәуліктік бақылауын іске асырады. Ас ішу блогының өндірістік аумағында, стеллаждар, санитарлық – техникалық жабдықтар жақсы жағдайда. Ас ішу үстелдері ыстық сумен жуғыш құралдарды қосу арқылы жуылады. Күн сайын балабақша меңгерушімен бекітілген ас мәзірі ілінеді. Балабақша медбикесі бракераж журналына күн сайын толтырады.


Асхананың санитарлық-гигиеналық жағдайы жақсы . Күнделікті азық-түлік сапасы тексеріледі, тамақты дайындау технологиясы, асхананың тоңазытқыш- технологиялық жабдықтары тексеріледі және тамақтар мен азық-түліктің сақталу талаптарының орындалуы бақылауда болады. Медициналық кітапша және жұмысқа жарамдылық рұқсаты асхананың барлық қызметкерлерінде бар.

Бракераждық комиссиясы
12 қараша күні Балабақшамызда бракераж комиссия мүшелері А.Абдрахманова мен Р.Магауова балаларға ыстық тамақты ұйымдастыру сапасына және санитарлық -эпидемиологиялық талаптарының сақталуын қамтамасыз етілуі бойынша бақылау жұмыстары жүргізілді.